ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында «Рухани қазына-2022» республикалық фестивалінде Жамбыл облысы бойынша

«Үздік аудандық, (қалалық) мәдениет үйі» номинациясы Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, «Үздік аудандық, (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» Әбеков Бақытжан Айтқабылұлы, «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб» Кенен ауылдық мәдеиет үйі, «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері»

Орынбаева Торғын қатысып, арнайы Алғыс хаттармен марапатталса, «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйінің режиссері» бойынша жеңімпаз атанған Сарысу халық театрының режиссері Нұрбол Серкебаев арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай 300 000 теңге сертификатқа ие болды.

Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы