Жамбылдықтар жасыл желекті барынша жайқалтуда
Жамбылдықтар #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты. Сенбілікке шыққандар Тараз қаласының аумағындағы «Қарасу – 1», «Қарасу — 2», «Түйте», «Төрегелді», «Базарбай», «Үшбұлақ», «Сеңкібай», «Оңтүстік құрғату дренажды» каналдары, «Тайвань» дренажды каналардың бойы, «Талас» өзені және «Ақбұлақ», «Қаратау» мөлтек аудандарындағы каналдардың жағажайларында жүргізілді.
Шараға облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров бастаған облыс әкімі аппаратының және бірқатар мемлекеттік мекемелердің, өнеркәсіп орындарының қызметкерлері мен түрлі сала мамандары қамтылған.
Жалпы республикалық сенбілікте сөйлеген алғы сөзінде Нұржан Сәбитұлы бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, көпшілікті жағажайлар мен су айдындарының тазалығына баса назар аударуға шақырды. Атап өту керек өңірде 21 нысанда жүргізілген сенбілікке 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Облыс бойынша 10 мыңға жуық адам атсалысқан іс-шараның нәтижесінде шамамен 20 тоннадай қоқыс жиналған.