ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ КӨБІСІ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова айтты. Оның сөзінше, КВИ-ға қарсы соңғы вакцинация мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталанатын толық курсы арасындағы кезең кемінде 3 айды құрайды. КВИ-ға қарсы вакцинациялау, ревакцинациялау вакцинацияланған адамның немесе оның заңды өкілдерінің жазбаша түрде профилактикалық егулерге ерікті түрде негізделген келісімін алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
«23 мамырдағы жағдай бойынша тұрғындардың 65%-ы (755 462 адам) індетке қарсы екпемен 2 рет қамтылды, 86%-ы (367 345 адам) қайта егілді. Облыстың егу бекеттерінде «Комирнати», «ВеросельСинофарм», «Казвак» вакциналары бар. Вакцина өзінің тиімділігін дәлелденді. Біріншіден, ол инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуын болдырмайды. Екіншіден, вакцинацияланғандарды ғана емес, сонымен бірге олардың айналасындағыларды да қорғайды, ұжымдық иммунитетін қалыптастырады. Үшіншіден, иммунизациядан кейін алынған вакцинация паспорты ел ішінде жүріп-тұруды, сондай-ақ одан тыс жерлердегі қозғалысты, саяхаттауды айтарлықтай жеңілдетеді», — деді спикер.
Өңірлік коммуникациялар қызметі