ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҮРІ ҚОСЫЛДЫ

Әлеуметтік қорғау саласының қоғамдағы алар орны ерекше. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы – жауапкершілігі зор маңызды салалардың бірі. Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, қоғамның осал тобымен, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылармен жұмыс істеп, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыларды мұқтаж жандардың алуын қадағалау – осы сала қызметкерлерінің атқарар шаруасының маңызды бөлігі ғана. Олар халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіру, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша жергілікті басқару функцияларын жүзеге асырады.
Соңғы жылдары халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының қызмет көрсету аясы кеңейе түскен. Жыл басында аталмыш салаға халық игілігі үшін аз қамтылған, мүгедектігі бар жандарға, көпбалалы отбасыларға, ардагерлер мен зейнеткерлерге мүмкіндігінше қолдау көрсету мен қамқорлық жасау мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Салаға енген өзгерістер мен жаңартуларды халыққа сапалы түсіндіру және жүзеге асыру үшін әуелі осы салада қызмет ететін жандардың толық ақпараттанған болуы шарт. Осы мақсатта аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі округтегі мамандардың басын қосып, жиын өткізді. Оған Жамбыл аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жомарт Телеуов, бөлімнің бас маманы Әйгерім Шынтасова мен аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі Ерлан Тұрсынбекұлы қатысты.
Басқосуда сөз алған Жомарт Тешебайұлы саладағы жаңалықтарға тоқталып, әлеуметтік төлемдер бойынша енгізілген өзгерістер жайлы баяндады.
– Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ағымдағы жылы біраз өзгерістер енгізілді. Олардың барлығы халықтың мүддесін көздейді. Ең негізгі өзгерістің бірі – жаңа үш әлеуметтік көмек түрлерінің қосылғандығы. Бұдан былай жан басына шаққандағы орташа табысы бір айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмағанда) ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек берілетін болады. Бұл көмекті алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қандастар, экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар жатады. Екінші көмек – қазіргі газдандыру науқанына байланысты көрсетілетін көмек, яғни тұрғын үйді газдандыруға берілетін бір реттік әлеуметтік көмек. Бұл көмек те әлеуметтік осал топтың белгілі санатына беріледі. Үшіншісі – шипажайлық-курорттық емделуге берілетін көмек, – деді Жомарт Телеуов.
– Одан кейінгі саладағы жаңалық – бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау. Біздің алдымыздағы басты міндет – өзгертулер мен толықтырулар жайлы халықты ақпараттандыру, бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік осал топтарға берілетін көмектердің тиісті жандарға берілуін қадағалау. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан берілетін кепілсіз несиелердің, түрлі жәрдемақылардың, төлемдердің мұқтаж әрі тиісті санаттағы жандардың алуын қадағалау. Бұның барлығы – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында жұмыс істеп жүрген жандардың тікелей міндеті, – деген бөлім басшысы округ мамандарын тұрғындармен тығыз әрі нәтижелі жұмыс

Жамбыл облыстық жұмыспен қамту басқармасы