«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»  жобасына арналған дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетінде «National bookdating»  акциясы шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді. Шараны модератор, университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар Саясаты жөніндегі проректоры Қойшығұлова  Ләйлә  Ерболатқызы жүргізді.

Шараның мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау, жастарға ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Дөңгелек үстелге Атырау облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, университеттің мұғалімдері мен студенттері, БАҚ өкілдері  —  барлығы 50 адам қатысты.  

Шара барысында ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Қайырғалиқызы  қазақ тілінде аударылып, басып шығарылған 18 ғылыми оқулықтардың маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп,    жақсы мағұлматтар берді. Сонымен қатар, журналистика мамандығының 1 курс студенті Т. Жұмагелдиева Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарымыздың болашағы үшін іске асырылып жатқан игі істері үшін өз алғысын білдірді.

                                                                            Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                        «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                          баспасөз қызметі