«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналған бірыңғай күн
2018 жылдың 19 сәуір күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен Атырау қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналған бірыңғай күн өткізді.
Шараға этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, ҚХА кафедра мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 1
00 жаңа оқулық» жобасын қолдау және насихаттау туралы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Шакірова Гүлмира Мүслімқызы баяндама жасады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 ғылыми оқулықтар жөнінде толығырақ ақпараттармен таныстыру үшін сөз кезегін — Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Қайырғалиева Гүлфайруз Қайырғалиқызына және Атырау мұнай және газ университетінің ҚХА кафедра меңгерушісі — Садыкова Людмила Ксенофонтовнаға ұсынылды.
Бүгінгі алғашқы аударылған кітаптар АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндіктер мол, себебі тек кітап күйінде емес, электронды нұсқасын көруге болады. 100 kitap.kz сайтынан аталған үздік оқулықтар жөнінде толық мәлімет
тер алуға болатындығы айтылды.
Барлық өңірде «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобалары үлкен жетістіктерге жетсе, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасыда 2029 жылға дейін жалғасын тауып, үлкен нәтижеге жететініне сенімдіміз! Себебі болашақ жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуы үшін маңызды жоба. Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс.
Сондықтан да бұл жоба бүгінде зияткерлік даму үдерісінен туындаған идеяның арқасында рухани революцияға бастау алып келген жоба деп айтуға болады. Енді елімізде Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне сай онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Себебі бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қолжетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады.
Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі