Жаңа Қазақстанда — жаңа сот әлі қалыптасып үлгерген жоқпа..?!

 

Қарап отырсақ әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны бірдей. Ол туралы жазылып та, айтылып та жатыр. Дегенмен де әлеуеттік желі арқылы ауыл арасы емес әлемдегі жаңалықтарды естіп отырамыз. Жақсы ақпараттардың көңіл күйге жақсы әсер ететіні, жаман хабарлардың жүрегіңе оқ болып қадалатыны рас. Айтайын дегенім, соңғы жылдары әлеуметтік желінің екпіні ерекше. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде қасиетті Түркістан облысында боғауыз завуч деген атаумен танымал Ұлжан Елмұратов деген әйел «жұлдызға» айналды. Не түрлі келеңсіз жағдайлар болыып жатты. Оның бәрін естіп-біліп, көріп отырдық. Алайда әлеуметтік желі болғандықтан мұның бәрі шындыққа жанаспайтын шығар, бәлкім біреулердің жаласы болар деп жылы жауып қойып жүрдім. Тіпті ол әйел туралы жағымсыз видеоларды көре бергеннен кейін адамдардың да еті өліп кеткендей көрінетін маған. Көпшілікте дәп сондай кепте болғаны анық. Себебі әлеуметтік желі халықты мейірімсіздікке, қатігездікке әбден үйретті ғой. Тіпті жантүршлігерлік оқиғаларға селт етпейтін күйге жеттік.
Мен әңгімеге арқау етіп отырған атағы елге «кеңінен жайылған» Ұлжан Елмұратова жайлы тағы бірде қоғам белсендісі Құрал әлеуметтік желідегі жан айқайын, Елмұратовадан зәбір көрген әйелдермен өткізген сұхбаттарын көріп қалдым.
Шынымды айтсам желтоқсан айынан бері соты өтіп жатқан осы Елмұратоваға деген «қызығушылығым» арты. Бұл неткен әйел? Неге елдің бәрі оны қаралуға әуес? Шынымен елді зар еңіреткен жүзіқара ма? Желтоқсанда басталған сот отырысы әлі созылуда. Бір ғана Ұлжан Елмұратованың басына тағылған айыпты атан түйенің өзі көтере алмас. Соның ішіндегі адамның жанын түршіктіретіні 20 жасар баланың 5 жылға сотталып кетуі. Ол Елмұратованы соттауға әрекеттенген-мыс. Бала сотталды. Сот оны айыпты деп тапты. Біз сотқа сенеміз. Баланың ата-анасы аңырап қала берді. Халық та шулап әділдікті талап еткенімен бәрі бекерге шықты.

 

 

Осының бәрін көріп-біліп отырғандықтан Ұлжан Елмұратованың кезекті сотына қатысу үшін Түркістанға арнайы бардым. Жай қарап отыра беруге арым да, дәтім де шыдамады. Себебі бұл әйел тұтас бір ауылды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрыпты. Бәрі одан қорқады, қаймығады. Себебі тіреуіші күшті. Қолдаушысы мықты! Елдің айтуынша барлық атқарушы органдарды сатып алған деседі. Бір жағы әділетті сот қалай өтіп жатыр, бет аласы қалай, осы жағы да мені алаңдатты.
Сөйтіп сотқа қатыстым. Сот бітпей жатып, «сот отырысы былай өтті, олай өтті» деп айтудан аулақпын. Сотқа қатысқан бөтен адамды көрмедім. Елмұратованың төрт бірдей қорғаушысы бар екен. Жәбірленуші Дәулет Төрежанның бірде-бір қорғаушысы жоқ. Енді мұның анық-қанығын сот шешеді. Ол туралы өз ойымды қазір ортаға салғанды жөн көрмедім. Себебі сотқа тағы да қатыспақшымын. Әділдіктің жалауы желбіреуіне, жазықты жанның әділ жазасын алуына үн қосуға дайынмын. Жоғарыда айттым, әлеуметтік желі деген адамды өлтіріп жіберуге дайын тұр. Сотттан кейін біраз адамдармен сөйлестім тырп етпейді. Барлығының айтатыны «қорқамыз». Бұл бірінші сот емес дегенге саяды. Сонда бір ауданды, ауданды емес-ау облысты шошытып отырған бұл әйел кім? Елмұратованың артында қандай күш тұр? бәрін соттың ар-намысына саламыз. Әр сот отырысынан кейін халықты сот процесімен құлағдар етіп отырамыз. Менің жанымды ауыртатыны «төрт балам бар» деп шырқырап отыр ол сотта. Иә, ол айыпты ма, қылмыскер ме сот шешеді. Осының себеп-салдары неде?
Неге бұлай болды? Бұл әйел неге осы күнге дейін сотталмай жүрді?
Жаңа қазақстанда – жаңа сот әлі қалыптасып үлгірген жоқ па? Әлеуметтік желіде айтылған әр сөзді, әр әрекетті бала да, шаға да көреді. Елмұратова мектепте қалай мұғалім болды? Оның өзі «Мектепке қызметке тұрғанда құжатым заңсыз болды» деп мойындайды. Жұмысқа алған білім басқармаларының аты-жөнінде жасырмай айтып отыр! Жай мұғалім емес тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жүргендегі боғауыз сөздері әлеуметтік желіде самсап тұр. Бұдан өткен қандай факт мен дәлел-дәйек керек? Бір адамның айыпталуына осының өзі жетіп жатыр білгенге.
Осы Елмұратоваға қатысты жазылған посттарға мыңдаған адамдар лайк басады. Ішінде заңгерлер де баршылық. Барлық республика жұрты көріп отыр. Бірақ ешкім алдыға суырылып шықпайды. Қорқады. Бәледен машайық қашыпты деген ұстанымда қатып қалған. Алайда бәрі де әділетті Қазақстанда өмір сүргісі келеді. Парадокс. Елмұратова бірнеше адаммен сан рет соттасқан. Зәбір көрген, ақша берген, қиянат көрген ауыл жұрты да тым-тырыс. Олар да сот процесіне қатысып, өздерінің көрген-білгендерімен бөліссе, соттың әділ өтуіне, халықты қан қақсатқан әйелдің әділ жазасын алуына себесін болары анық қой
Ата анасы атын Ұлжан деп қойған екен.
Ал халық затын «боқауыз» завуш қойыпты.
Әлеуметтік желінің «жұлдызы» аталғанына желі оқырмандарының бәрі куә . «Халық айтса қалып айтпайды-ау.
Ендігі бар үміт, ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ әділ сотында!
Тағы айтамын, Түркістан облысы Ордабасы ауданыны облыстық ішкі істер бөлімінің арнайы мамандары «халықты зар еңіреткен» Елмұратова Ұлжанды ұстау үшін арнайы операция құрған. Сөйтіп оны нақты фактімен, видео-дәлелмен, куәгерлердің көзімен тырп еткізбей ұстаған. Ол видео да әлеуметтік желіде тұр. Елмұратова өзінің «әдетінше» Ердәулеттен 5 млн бопсалаған тұрғанда құрықталған. Ең қызығы, сот процесі аяқталуға жақындағанда куәгерлер қатарыда сиреген… Ашық сот желтоқсан айынан бастап өтуде. Қайталап айтамын, айыпталушы Елмуратова Ұлжанда 4 қорғаушы, жәбірленуші Төрежан Ердаулетте қорғаушы жоқ. Ол «мен сенімдімін өзімді қорғай алам» деп отыр..
Міне, менің әзірге сот процесінен көңілге түйгенім осы!

 

сәуле

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР Еңбек сіңген қайраткер