ЖАҢА КӨКӨНІС ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНУДА
Аймақта жалпы сыйымдылығы 247,7 мың тоннаны құрайтын 240 қойма жұмыс істейді. Оның сыйымдылығы 56,2 мың тоннаны құрайтын 84 қоймасы мұздатқышпен жабдықталған.
Қазіргі уақытта облыста сыйымдылығы 73,7 мың тоннаны құрайтын жаңа 4 қойманың құрылысы жүріп жатыр. Бұл қоймалар Меркі, Шу, Қордай аудандары мен Тараз қаласында 2022-2023 жылдары іске қосылады.
Айта кету керек, өткен жылы сыйымдылығы 13,0 мың тоннаны құрайтын 3 қойма іске қосылған болатын.
Жалпы облыста 2 млн. тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдері өндіріліп, облыстың ішкі тұтынымын толық қамтамасыз етеді. Маусымаралық кезеңде, яғни қаңтар-сәуір айларында 51,8 мың тонна көкөніс өнімдерін жұмыс істеп тұрған қоймаларда сақтауға толық мүмкіндік бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы