ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ

Бүгінде ауданымызда денсаулық сақтау саласына ерекше ден қойылып келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашанда халық денсаулығын жақсарту, медицина саласын дамытуға қатысты нақты міндет жүктеген болатын.
🔰17 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, ауданымызда медицина саласын жақсарту, заманауи технологияларды қолдану арқылы аурудың белгілерін анықтау мақсатында компьютерлік томографияның ашылу салтанаты өтті.
🔰Алдымен келгендер Наурыз мерекесі берекелі, ырысты болсын деген ниетпен тал отырғызды.
🔰Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі: — Бүгінгі ауданымызда іске асқалы отырған компьютерлік томография көптеген мүмкіндіктерге ие, дененің егжей-тегжейлі ішкі кескіндерін алуға қолданылатын медицинадағы визуализация әдісі болып табылады. Құрылғы Германияның «Siemens Healthcare GmbH компаниясында дайындалған. Бұл медицина саласына көрсетіліп отырған үлкен қолдау деп білемін.
Компьютерлік томография арқылы енді облыс орталығына қатынамай ақ, ауданымызда аурулардың белгісін жаңылмай анық табуға болады. Бұл өңіріміздің медицина саласының дамуы үшін жасалып жатқан үлкен қадам. Осынау ірі жоба халық үшін жұмыс жасайды деп сенемін, — деді. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек те жылы лебізін жолдады.
🔰Компьютерлік томографияның лентасын медицина саласының ардагері, Жанатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмәлі Орымбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек кесті.
🔰Айта кетейік, компьютерлік томографияға қабылдау уақыты қабылдау уақыты: 14:00 -18:00 — ге дейін.