🔹ЖАҢА МЕКЕМЕГЕ ЖАҢА БАСШЫ

Дирекция қызметінің мәні спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлері бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Дирекция қызметінің мақсаты олимпиадалық спорт түрлері және олимпиадалық емес, ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлері бойынша Жамбыл облысының құрама командаларын қамтамасыз ету, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін дайындау, дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту.
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы болып 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Азамат Хамзин тағайындалды.
Азамат Мұқантайұлы Хамзин, 1986 ж.т. СҚО, Мамлю ауданы, Ленино ауылында туған.
11.03.2020 – 30.11.2022 «Астана қаласының спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы .