Жаңа отандық арна іске қосылмақ

Алдағы Наурыз айында жаңа отандық телеарна өз жұмысын бастамақ. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Ел арна» кинотелеарнасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды көрсететін болады, — дейді Дәурен Абаев.

Естеріңізге салайық, ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, жаңа арна «Хабар» телеарнасының құрамында болады.

«ЕлАна»