ЖАҢА САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Кәсіпкерлік саланың өркендеуі халықтың әлеуметтік әлеуетінің артуына ықпал етіп келді.
Елдегі кәсіпкерлік саласының кеңінен қанат жайып, өркендеуіне жеке кәсіпкерлердің қосып келе жатқан үлесі зор.
Бүгін Жаңатас қаласында тағы бір сауда орталығы есігін тұтынушыларға айқара ашты.
Жеке кәсіпкер Болат Ембердиев Жаңатас қаласы, 2 шағын аудандағы 6 үйден «Жанұя» сауда орталығын ашып, өз жұмысын бастады.
Кәсіпкерлік нысанның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов қатысып, тұрғындарды игілікті шарамен құттықтады.
Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның ел игілігі үшін жұмыс жасау керектігіне тоқталды. Бұдан кейін Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмаәлі Орынбаев, сауда орталығының атқарушы директоры Ұлан Мейірханұлы сөз сөйлеп, тұрғындарды айтулы шарамен құттықтады.
Кәсіпкерлік нысанның лентасын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Басие Абдрахманов және сауда орталығының иесі Болат Ембердиев салтанатты жағдайда кесті.
Тұтынушыларға есігін ашқан «Жанұя» сауда орталығы 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі