ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҚСЫЛЫҒЫМЕН КЕЛСІН
Тарих қойнауына енгелі отырған жыл біздің ауданымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, сонымен қатар, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс қарқынды жүрді, көптеген нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәні зор ірі жобалар іске асырылды.
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланып, алдымызға үлкен мақсаттар қоятынымыз рас. Сәтін салса, келер жылдың еншісінде үлкен істен атқарылады деген сенімдеміз.
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі