ЖАҢА ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 34 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Жаңа жыл түні еліміздің перзентханаларында 181 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 105 ұл бала, 76 қыз бала және бір егіз бар. Егіздер Маңғыстау облысында өмірге келген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Мерекелік түнде ең көп нәресте Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби. Екінші орында Алматы қаласы мен Алматы облысы тұр, мұнда әрқайсысында 17 нәресте дүниеге келген. Үшінші орын Шымкент қаласына тиесілі, онда 16 сәби туылды.
Мамандардың айтуынша, жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.
Айта кетейік, Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда.