ЖАНАР – ЖАҒАР МАЙ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Қазіргі кезде баға мәселесі, әсіресе, көпшілік тұтынатын жанар-жағар майдың бағасы аса маңызды.
Ауданымызда жанар-жағар майдың қоры жеткілікті деңгейде. Жанар-жағар май бекеттерінде автокөліктер кезекке тұрмайды, еркін барып, қажетінше құйып алып жатыр.
Аудан бойынша 8 кәсіпкерде 16 жанар-жағар май сататын бекеті жұмыс жасайды.
Оның ішінде, Жаңатас қаласында – 9, Саудакент ауылында – 4, Тоғызкент ауылында – 1, Жайылма ауылында – 1, Игілік ауылында – 1, барлығы 16 жанар-жағар май сататын бекет бар.
Бүгінгі күнге тұрғындар көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензині 69,4 тоннаны құрап отыр. АИ-95 маркалы бензин –5,8 тонна, ал, дизель отынынан -6,3 тонна қалдығы бар.
Қазіргі таңда АЙ-92 маркалы бензинінің 1 литрі 205 теңгеден, АЙ-95 маркалы бензиннің 1 литрі 215, дизель отыны литріне 295 тенгеден сатылуда.
Сонымен қатар, ауданда 17 орында сұйытылған газ сату бекеттері ұйымдастырылған. Онда бүгінгі күнге шамамен 45,3 тн-ға жуық көгілдір газының қалдығы бар. Газ бағасы литріне 65 теңгеден сатылуда.
Кәсіпкерлер газ өнімін Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, Тараз қаласы мен Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» мұнай-газ конденсант кен орындарынан әкеліп сатуда.
Жалпы, жанар – жағар май және сұйытылған газдың бағасы және аудандағы қоры сала басшылары тарапынан бақылауда.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі