“Жаңару күні”
19-наурыз — “Жаңару күні”. Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады. Наурызда жер тоңы жібіген соң айналаны тазалап, ағаш отырғызады. Бүгін де, Наурызнама онкүндігі дәстүрлі түрде жалғасын тауып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына ағаштар отырғызды. Жыл сайын 19-наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.