ЖАҢАТАС — «АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА» АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ
Қаратау қойнауында жатқан Жаңатас қаласына биыл жазда 55 жыл толды.
Облыстан отыз жас кіші кеншілер қаласының іргетасы қалай қаланғаны, дүрілдеген шағында «Жаңа Париж» аталып, нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде тасталқаны шығып бұзылғаны, кеншілер дүмпуі, бүгінгі ажары мен қайта оралған базары жайлы аз жазған жоқпыз-ау. Сонда да өміріміздің бір белесі өткен шағын қала жайлы жаза бергіміз келеді.
Жаңатас пен Қаратаудың қазақ елінің картасынан ойып тұрып орын алып, қала аталуына қазақтың даңқты перзенті Дінмұхаммед Қонаевтың еңбегі зор. Димаш Ахметұлы 1980 жылы Сарысу ауданына жасаған жұмыс сапарында Жаңатасқа да атбасын бұрып, қала маңындағы кен орындарында болып, жер астындағы жүздеген жылдарға жететін фосфор кенінің мол қорына қарап, кеншілердің шағын шаһарының келешегі зор, болашағы баянды екенін болжаған.
«Ақылды қалаға» бет бұрған жасампаз Жаңатас жайнай бер, құлпыра түс!
Амангелді Әбіл
Қазақстанның Құрметті журналисі,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері