ЖАҢАТАСТА 56 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудан, №60 үйдің кілтін тұрғындарға табыстау рәсіміне қатысты.
Қайта жаңғыртудан өткен тұрғын үйде 2 бөлмелі 44 пәтер, 3 бөлмелі 8 пәтер, 4 бөлмелі 4 пәтер бар.
Облыс әкімі қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, облыс көлеміндегі баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы бүгінде аудан орталығындағы пәтер кезегінде 1638 адам тұрғанын тілге тиек етіп, қала тұрғындарын баспанамен қамту бойынша аудан әкіміне нақты міндеттер жүктелгенін жеткізді.