”ЖАҢА ЕСІМ — 2022” БАЙҚАУЫ ТАЛАСТА ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы Облыстық халық шығармашалығы орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі жас таланттарды іздестіру, оларға қолдау көрсету, дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалып танылуына мүмкіндік жасау мақсатында ТАЛАС аудандық мәдениет үйінде «Жаңа Есім -2022» облыстық жобасы өтті.
Жобаға бас-аяғы 23 үміткер қатысып, алтауы облыстық сынға жолдама алды.
Атап айтқанда вокал номинациясы бойынша Бақытжан Манатбек, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Ерсін Абдуалиев, аспапта орындау номинациясы бойынша Бота Тұрар, Аяжан Сарабек, Сапарғали Әбдіроманов және Тәттімбет Әбілжан келесі кезеге өтті.
Облыстық кезеңге жолдама алған өнерпаздарға арнайы сертификаттар табыс етілді!