«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» жобасын насихаттаған ғылыми-методикалық семинар өтті

2018 жылдың 14 мамыр  күні  Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ және Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жанындағы  ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар»  жобасын насихаттауға арналған ғылыми-методикалық семинар өтті.

Семинарға Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының   ұстаздары, ғалымдар, студенттер және «Қоғамдық келісім» мамандары, этномәдени бірлестіктері, Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері қатысты.

Шараның мақсаты — «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын  іске асыру және қоғамдық сананы жаңғырту жұмыстары бойынша ҚХА кафедраларының қызметінің маңыздылығын   көрсету, жобаның жас ұрпаққа білім берудегі ерекше ролін айқындау.

Шара барысында «Болашақ біліміне қарай нақты қадам» тақырыбында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Қайырғалиеваның; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы—ауқымды энциклопедиялық ізденіс бастамасы» тақырыбында Ә.Ығылованың; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын жүзеге асыру» тақырыбында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының проректоры, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ғылыми-зерттеу орталығының төрайымы Хасанова Жәмиляш Садыққызының баяндамалары тыңдалды.

Семинарда «Кітап әлемі» рухани жаңғыру бастамасы студенттік клубын құру жобасы таныстырылып, оның мақсаты мен ережесі көпшілікке ұсынылды.

Жаңа жоба туралы ғалымдар өз пікірлерін айтты. Семинарға қатысушылар «Кітап әлемі» рухани жаңғыру бастамасы студенттік клубының жастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі