Жаңа онкологиялық емхана Павлодардағы медициналық кластердің бір бөлігі болады

Павлодарда салынып жатқан онкологиялық емхана аймақтағы құрамына облыстық поликлиника және Г.Сұлтанов атындағы аурухана мен офтальмологиялық бөлім, жуырда диагностикалық орталық көшетін Павлодар ауданының бұрынғы поликлиникасы кіретін медициналық кластердің құрамдас бөлігіне айналады.

— Бұл шағын ауданда медициналық кластер дамитын болады, — деді облыс әкімі Болат Бақауов. – Адамдарға ыңғайлы болуы үшін жеке иеліктермен бірге квартал толықтай көгалдандырылады. Суворов, Щедрин көшесі де жарықтандырылып, подъездері жөнделеді. Кластерді облыстық аурухананың қосымша құрылысы кеңейтеді.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисовтың айтуынша, онкологиялық орталық құрылысының негізгі ғимараты осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Одан кейін «ГСУ «Құрылыс» ЖШС жеке корпустардағы жұмысқа кіріседі.

Қазіргі кезде стационарды поликлиника мен операциялық блокқа қосатын бөліктің жұмысы жүріп жатыр. Емделушілерге сыртқа шықпай-ақ онкологиялық ортадықтың өзге бөлімдеріне жетуіне болады. «ГСУ «Құрылыс» ЖШС директоры орынбасары Руслан Жұматаев болашақ клиникада маңызды саналатын сәулелік терапия жасау үшін сызықтық үдеткішті жеткізуде мәселе туындамайтынын атап өтті. Қыркүйек айында салынып жатқан емхана 300 млн теңгеге сатылып алынған құрылғыларға қол жеткізеді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы қосымша жабдықтар алынады.

Өңір басшысына жеткізу мен құрылыс бойынша мәселелер және бюджеттік қаржыны игеру бойынша қауіп жоқ екені айтылды. Объектінің тапсырылу уақыты 2019 жылдың қараша айына белгіленген. Мердігерлер уақытынан ерте тапсыруға уәде берді. Еске салайық, жыл сайын облыстық онкодиспансердің бірінші реттік есебіне 2300 павлодарлық тұрады. Аурухананың жалпы есебінде 11 мың адам бар.

 

Әлихан Рахметоллаұлы