Жаңа Қазақстанның жаңарған қалалары көйбейсін!
Құрметті жерлестер!
Еліміздің ең әсем қаласы — Елорда күні құтты болсын!
Өңірлер мен аймақтардағы барлық қалалар Нұр-Сұлтан қаласының сәулетіне қарап бой түзейтіні белгілі. Сондықтан, ең басты қаланың дамуы — елдің дамуы.
Қаратаудың баурайынан Мойынқұмның құмды алқаптарына дейінгі 1,2 млн. гектар жерді алып жатқан Талас ауданының даму мүмкіндіктері көңіл қуантады.
Жер қойнауын пайдалану, мал басын өсіру және суармалы егістік алқаптарын тиімді игеру арқылы тұрақты өсім қалыптасады.
Ал, Қаратау қаласындағы халық санының артуы моноқаланың болашағы үлкен екендігін көрсетеді.
Жаңа Қазақстанның жаңарған қалалары көйбейсін!
Қанатбек Мәдібек,Талас ауданының әкімі