ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ПАНДЕМИАМЕН КҮРЕС КЕЗІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАР

Төтенше жағдай кезінде короновирустың алдын алу мен таралуын болдырмау үшін құрылған Штабтың басқаруымен, карантин кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс — шаралар іске асырылды. Бұл туралы бүгін Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Мақсат Ибағаров баяндады.

Қала және оған іргелес Рахат, Теңге және Қызылсай ауылдарының халық көп шоғырланатын орындарға, мекемелердің, саябақтардың, скверлердің, аялдамалардың, көшелердің аумақтарына және көп қабатты тұрғын үйлердің дәліздері мен жертөлелеріне дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, оның орташа есеппен жалпы ауданы 4 млн. шаршы метрді құрады.

Еліміз бойынша, «COVID-19» коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері анықталған тұста, қала аумағында орналасқан дәріханаларда бетперде жетіспеушілігі анықталды. Бұл мәселені шешу мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен кәсіпкерлер мен «Жанарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 186 728 көп реттік пайдаланатын бетперде тігіліп, қала аумағында орналасқан кәсіпорындарға келісім-шарт арқылы табысталып, дәріханаларға сатылымға шығарылды. Сонымен қатар, белсенді жастар, волонтерлар арқылы 22 663 бетперде мүжәлсіз отбасыларға тегін таратылды.

Медицина, полиция басқармасының, төтенше жағдайлар бөлімінің,

мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен қамту (бетперде, антисептик, ғимарат ішіне дозаторлық санитайзерлер, теплометр, тепловизор) және қала және оған іргелес елді мекен аумағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін, жергілікті бюджеттің кезек күттірмейтін шығындары есебінен 49,0 млн.теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал жабдықтар сатып алынды.

Бүгінгі таңда, қала және оған іргелес Рахат, Теңге және Қызылсай ауылдарында орналасқан 37 дәріханада бетперделер сатылымда бар.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін, қала әкімдігінің резервінде 1000 дана бетперде сақтаулы.

 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Мақсат Ибағаров елдегі төтенше жағдай кезінде берілген әлеуметтік көмектерге тоқталды.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, «Нұр Отан» партиясы ЖҚФ «Біз біргеміз» акциясы аясында, 1011 отбасы тегін азық-

түлік өнімдерімен қамтылса, 5331 отбасыға 50000 теңгеден қаржылай көмектер көрсетілді.

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш Қожа» мешіті және «Халық» қайырырымдылық қоры арқылы тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж 364 отбасыға тегін азық-түлік жиынтықтары табысталды.

Төтенше жағдай кезеңінде жұмысы уақытша тоқтаған 43528 адамның есеп-шоттарына 2 ай қатарынан 42500 теңгеден аударылды.

Мүмкіндігі шектеулі отбасылардың коммуналдық шығындарына 15000 теңгеден өтеу үшін, Үкімет белгілеген санаттарға сәйкес, қала бойынша 6000 адамға қаржы төлеу белгіленді. Бүгінгі таңда, 5725 адамнан өтініш келіп түсіп, қаржылары есеп-шоттарына аударылды. Қалған 275 адамның өтініштерін қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШКЕНДЕР

Жаңаөзен қалалық штабының шешімі негізінде наурыз айынан бері қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекеме мен оған қарасты кәсіпорындардың 2512 қызметкері, ал, өндірістік кәсіпорындарда қашықтықтан жұмыс жасау режиміне 1008 адам ауыстырылды.

Сонымен қатар, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ы тарапынан жұмысшылар автобекетінде адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында, қосымша автобекеттер ашылып, автобекеттерде күнделікті санитарлық дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп келеді.

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ПАНДЕМИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН ТОҚТАТУ ҮШІН бЛОК БЕКЕТ ҚОЙЫЛАДЫ

Елімізде төтенше жағдай кезінде, яғни ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап коронавирустың алдын алу және карантин режимі кезінде азаматтардың қозғалыстарына шектеу қою масқатында, Жаңаөзен-Ақтау, Жаңаөзен-Кендірлі, Рахат-Қызылсай, -Жаңаөзен-Қарамандыбас-Жетібай бағыттарындағы тас жолдарға 4 санитарлық блокбекеттер орнатылып, олар 31 мамыр күні карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты алынып тасталды. Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарының 24 маусым 2020 жылғы № 30-БСДҚ қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қаласы және Қарақия ауданының аумағында карантин режимі күшейтіліп, аурудың көптеп таралуына байланысты 25.06.2020ж. сағат 00:00-ден бастап блокбекеттер қайта қойылады.

 

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТТІГІ ЖӨНІНДЕ ҰДАЙЫ АҚПАРАТТАНДЫРЫП БЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді

Коронавирус індетінің алдын алу, халықтың арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында, жергілікті телеарна, «Жаңаөзен» газеті және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында күні бүгінгі жағдай бойынша 42226 материал жарияланды.

Сонымен қатар, «Бөкен», «Шаңырақ», базарлары, «Мұнайшы» МҮ, «Жаңаөзен», «Жібек жолы» базарларында дыбыс ұлғайтқыш құрылғылар және қосымша арнайы төтенше жағдай бөлімінің автокөлігі арқылы қала және Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарында жылжымалы түрде күнделікті қаланың барлық көшелеріне дыбыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, инфекцияның таралуын болдырмау үшін 5000 дана жадынама, 5000 дана көп реттік пайдаланылатын бетперделер тегін таратылды.

Карантин режимі кезінде қала және ауыл тұрғындарынан келіп түскен

сауалдарға жедел түрде жауап беру, халықпен кері байланыс орнату мақсатында,

қала, ауыл әкімдіктерінде және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Cаll-орталықтар құрылды.

Cаll-орталықтар таңғы сағат 07.00-ден түнгі сағат 23.00-ге дейін тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отырды, бұл жұмыстар әлі жалғасуда.

Жалпы, ағымдағы жылдың наурыз айынан бері төтенше жағдай және карантин талаптарының сақталуы, қалаға кіріп-шығу қозғалысына рұқсат алу, отбасылық шаралар өткізу тәртібі , тағы басқа мәселелерге қатысты барлығы 2313 сұрақ түсіп, сәйкесінше барлық сауалдарға жауаптар берілді.

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ КӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІ

Жаңаөзен қаласында барлығы 630 шағын кәсіпкерлік нысан орналасқан, бүгінгі таңда, Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде 509 нысанның жұмыс уақыттары шектелді.

3 кинотеатрлар мен 2 сауда-ойын сауық орталықтарындағы балалар ойын алаңдарының және 10 компьютерлік клубтарының жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Жалпы алғанда, қала бойынша, 8 базар, 12 құрылыс дүкені, 37 шаштараз, 10 компьютерлік клубтар, 3 кинотеатр, 2 ойын-сауық сауда орталығы, 1 мал базары және 5 мал сою нысаны, 17 супермаркет, 410 азық-

түлік дүкені, 37 дәріхана, 39 кафе-бар мен 34 тойхана орналасқан.

Төтенше жағдай/карантин кезеңдерінде қала әкімінің орынбасарлары жетекшілігімен мобильдік топтар құрылды және шағын аудандарға жауапты мекемелер бекітілді.

ЖАҢАӨЗЕНДЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 569 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгінгі таңда, Төтенше жағдай режимін бұзған 569 адам анықталып, Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 476 бабына сәйкес, материалдар толтырылып, сот арқылы шешімдері шығарылды. Жалпы алғанда 404 адамға әкімшілік шара қолданылып, 165 адамға ескерту берілді.

Мобильдік топтар шағын және орта кәсіпкерлік нысандар мен кәсіпорындарда санитарлық талаптардың сақталуын күнделікті тексеріп отырады. Бүгінде 34 мейрамханада жоспарланған 109 шара тоқтатылды.

Жауапты мекемелер тарапынан шағынаудандарда отбасылық той-жиындарды, тағы басқа жанұлық шараларды жерлеу рәсімдерден өткізбеу туралы тұрғындарға күнделікті түсінік жұмыстарын жүргізіп келеді.

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ БҮГІНГІ ЭПИДАХУАЛ

«Жаңаөзен қаласы Қала бойынша барлығы 66 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінгі таңда, олардың 57-і емделді. Қалған 9-ы инфекциялық ауруханада ем шараларын қабылдауда.

Өкініштісі,осы індеттен 2 адам көз жұмды.

Коронавирус анықталғандармен қатынаста болған адамдарды анықтау мақсатында, Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен жүргізілген шаралар нәтижесінде, 44 адам инфекциялық госпиталінде және 90 адам провизорлық орталықтарға орналастырылып, ем шараларын қабылдауда. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда, қала бойынша санитарлық — эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Дегенмен, соңғы кездері пневмония диагнозымен анықталған науқастардың жағдайы біздерді алаңдатуда.

Жаңаөзен қаласында 15 маусымнан бастап қазіргі таңға дейін пневмония диагнозымен (короновирустың теріс нәтижесімен) түскендер саны күрт өсіп, 159 науқас тіркелді. Оның 31-інен ПТР сынамасы алынып, нәтижесі күтілуде. Бұл науқастардың барлығы қазір провизорлық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Орын жетіспегендіктен қалалық көпбейінді аурхананың терапия, кардиология мен неврология корпустары провизорлық орталыққа айналып, оларға пневмониямен ауырғандар орналастырылды.

Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, короновирустың теріс нәтижесімен анықталған 159 науқастың 8 жағдайы — ауыр деп бағалануда, өкінішке орай 6 адам көз жұмды» — деп, Жаңаөзен қаласының әкімі М. Ибағаров баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

 

МАҚСАТ ИБАҒАРОВ: «БІРГЕ ХАЛЫҚТЫ ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРАЙЫҚ!»

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Мақсат Ибағаров тұрғындарды немқұрылайлық танытпай, тәртіпке шақырды.

Құрметті, жерлестер!

Қадірлі жаңаөзендіктер, дана халқымыз «Елдік түбі – бірлік» демекші, бұл індетті жеңу үшін ел болып бірігіп, жүрген жерімізде, ағайын-туманың, көршінің ортасында сақтық шараларды алу керектігін айтып, халықты тәртіпке шақырайық!

Тек қана тәртіпке бағынып, көшеде бетпердесіз жүрмей, антисептиктерді пайдаланып бұл індеттің жылдам таралуына тосқауыл қоя аламыз. Халық көп шоғырланатын орындарға, яғни той-жиындарға, басқа-да шараларға баруды шектейік. Өзіңізді және отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан оқшаулауға шақырамыз.

Дене қызуыңыз көтеріліп, өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну керектігін ескертеміз.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, мемлекет тарапынан алынып жатқан профилактикалық шараларға түсіністікпен қарап, тәртіпке бағынып, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға шақырамын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!!!

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі