ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ РАХАТ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

 

Бұл туралы Рахат ауылының әкімі Өсербай Табыншаев мәлім етті. Оның айтуынша, 45 мың тұрғыны бар ауылда 8858 дана көше жарық бағанасы бар.

«Көше жарығы кез келген ауылдың бет-бейнесін көрсетеді. Өңірдің келбетін айшықтайтын көше шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады. Осы орайда, «Жұлдыз» шағынауданының Шерқала көшесінде және Құланды тас жолында орналасқан көшенің жарық бағаналарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, замануи жарық диодты шамдар орнатылды», — деді Өсербай Табыншаев.

Рахат ауылындағы Т.Айдаров пен Ө.Балғымбаев даңғылының бойына жарық диодты бағаналар орнатылып жатыр. Ө.Балғымбаев даңғылында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал, Т.Айдаров даңғылындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталады.

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ