ЖАҢАРҒАН КЕЗ

Содан бергі жиырма бес жыл ішінде Ата заң 5 мәрте өзгеріпті. 1998 жылы 19 бап өзгерсе, 2007 жылы Конституцияға 30 түзету енгізілді. Қазіргі жағдайға жақын, иә? 2011 жылы 1 бапты өзгертіп тастадық. Бұл – кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау және өткізу ережелері жаңарған кез. 2017 жылы Ата заңдағы 19 бапқа 26 өзгерту енді. Ал 3 жыл бұрын, 2019 жылы Конституцияның тағы 1 бабы өзгертіп жібердік.
Осы референдумның мақсат-мүддесін Тоқаев айтып қойған. Күшті президент, ықпалды Парламент және есеп беретін үкімет. Басты қағидасы осы. Әлбетте, көңілден шығады. Бізге керегі осы. Ата заңды өзгертуге байланысты жоспар жүзеге асса, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Мұны Қарин мырзы үштен бір бөлігі деген болатын. 2 бөлімнің атауы өзгеретіні тағы бар.
Ең негізгілері: Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейеді. Конституциялық сот құрылады.
Бұдан нені аңғарамыз? Көп ұзамай ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығая түседі. Бұл ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сол себептен қолдауға тиіспіз. Референдум күнде өтіп жатқан. Сайып келгенде, өзіміздің болашағымызға қатысты маңызды дүние бұл.
Мендегі ой осылай дейді. Сіздегі ой қандай?
Үміт Битенова,
Жазушылар одағының мүшесі, ақын,
Талас ауданының Құрметті азаматы