Жаңатас күні тойланды

Жаңатаста «Қала күні» мерекесі атап өтілді. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындар мен қонақтарды атаулы күнмен құттықтап, қаланы бірге көркейтуге шақырды.


Марат Қырғызәліұлы өз сөзінде «1964 жылы жұмысшылар кенті ретінде іргесін қалап, 1969 жылы қала мәртебесін алған Жаңатастың 53 жылдығы – оның өткен жолымен, бағындырған биіктерімен және атқарған арқалы істерімен өлшенетін өз тарихы деп білеміз.

Осындай шежірелі жолда – қаламыздың өркендеуі жолында бәріміз бірге қызмет етейік» -деді.
Қала күні бірнеше күн бойы аталып өтіп, қала жастары «Ақбұлақ» демалыс орнына сенбілік жүргізіп, қаланың дамуына атсалысқан қариялар, азаматтар, дәрігерлер марапатталды.


Орталық алаңдағы шарада, ауданның абыройын көтеріп жүрген жас спортшылар мен қаланың экономикалық өркендеуіне үлес қосқан кәсіпкерлерді аудан әкімі Марат Қырғызәлұлы бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Қала күнінің құрметіне орай кәсіпкерлер үлкен торт пен балмұздақтар таратып, күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер келушілерге шаттық көңіл күйін сыйлап, гала концертке ұласты.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі