ЖАҢАТАС ЖАҢАРУДА
Көпшілікке мәлім, кезінде кеншілер қаласы болып, біразға дейін дүркіреген Жаңатас қаласында бүгінде 23 мыңнан аса тұрғын тұрады. Кеңестік кезең аяқталғаннан кейін, халық көшіп, көптеген үйлер бос қалған болатын. Ал соңғы (2012-2013) жылдары шаһардың көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, апатты жағдайдағы 112 көпқабатты тұрғын үй бұзылып, орындары тазартылды.
2007-2020 жылдар аралығында Сарысу ауданында 14 көпқабатты тұрғын үй, 1216 пәтер, жалпы ауданы 60 220,2 шаршы метр қайта қалпына келтіріліп, кезектегі 1216 отбасыға берілді.