Жаңбырлы күнді пайдаланып, Дінмұxаммед Қонаевтың музей-үйіне бардық. 

Бәріне таңдандым. Бәрі маған қызық болды. Әсіресе, жары — Зуһра Шәріпқызы туралы деректер. Димаш атамыз басына күн туған кездерді еске алып: «Марқұм Зухраш мен таңғалған бір іс жасады. Жылдар бойы алған затының есебін жүргізіп отырыпты. Не алса да ақшасын төлеп, квитанциясын сақтап келіпті. Тіпті бағасына дейін көрсетіліп, сатып алғандығын растайтын аты-жөні мен қолын қойдырып отырыпты. Маған араша түскен ең басты құжаттар осы болды»,-дегенін естуім бар еді. Бұл атамыздың асқан көрегендігіне сай жар таңдай білуі мен апамыздың да өте ақылды әйел болғанына дәлел шығар. Тағы бір әсер еткені — ортада перзент болмаса да, 50 жылдан аса отасып, өлім ғана айырған өнегелі өмірі мен адал маxаббаты. Әйтпесе, «қатын жолда, бала белде», — деп немесе топырлаған баламен де отбасын тастап кете баратын талай бауырларымыз бар ғой… Соңынан, Зуһра Шәріпқызының қолы тиіп, ізі қалған асүйінде ырымдап суретке түсіп алдым. Мен де сондай сыйлы келін, адал жар, саналы әйел болайын… Әумин! Дінмұxаммед Қонаевтың орнына отырып суретке түсуді кімге қалдырдым екен?) @ Alma-Ata, Almaty, Kazakhstan