Жәңгір ханға ескерткіш орнатылды
«Ұрпақтар жаңғырығы және Қожаберген жырау» халықаралық қорының төрағасы, ҚР Құрметті судьясы, «Құрмет» орденінің иегері Бекет Тұрғараұлы мен жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеев және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен бірталай игілікті шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, жайлаудағы батырлар қорымдары қоршалып, Салқам Жәңгір сұлтанға Бекет Тұрғараұлы еңселі ескерткіш орнатып, Орбұлақ маңындағы биік төбе басына Орбұлақ шайқасының батырларына арналған «Қазақ елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін жоңғар басқыншыларымен шайқаста жеңіске жеткен айбынды Қазақ сарбаздарына ұрпақтары атынан ескерткіш» деп жазылған еңселі тас тақта орнатылды.
Жуырда өткізілген осы шараға еліміздің бірталай өңірлерінен зиялы қауым өкілдері қатысып, батырлар рухына бағышталып, құран оқылды. Осы щайқастың алдағы 375 жылдық тойы қарсаңында атқарылып жатқан шаралар жөнінде «Ұрпақтар жаңғырығы және Қожаберген жырау» халықаралық қорының төрағасы Бекет Тұрғараұлы жиналғандарға айтып берді.
Нұрила Бектемірова
Суретте, Ескерткіш орнату шараларынан көріністер