«Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысы жұмысын бастады
2018 жылдың 19 сәуір күні Жастар ресурстық орталығында Атырау облысы ҚХА-ның және «Қоғамдық келісім» КММ –нің ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының алғашқы отырысы өткізілді.
Шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева және Атырау облысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Ерлан Күмісқалиев пен Асемгул Уразаева, «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының штаб мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Г.Шәкірова қатысушыларға 2018-2020 жылдарға арналған «Жаңғыру жолы» қозғалысы жөнінде және алдағы уақытта жастармен жұмысты жүйелі деңгейде қалыптастыру керектігін айтып өтті.
Сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА жанындағы Жастар қанатының, «Таврос» армян ЭМБ-нің мүшесі Г.Арутюнян 2018 жылдың 15 наурызында Астана қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының құрылтай конференциясы өткенін, өзінің сол жиынға қатысып келгендігін айтып, сол конференция жариялаған үндеумен таныстырды.
Шараны қорытындылай келе Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева барлық қатысушыларға рахмет айтып, «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының көшбасшысы мен штаб мүшелеріне алға қойған міндеттерді орындауда беріле жұмыс жасауға, ой сананы, рухани жаңғыру деңгейді жоғарылатуға шақырды.
«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабы ретінде Жастар ресурстық орталығы жанынан арнайы кабинет ашылды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі