«Жанұя» бейне фильмі жарыққа шықты

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында «Жанұя» фильмінің тұсаукесері өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен түсірілген кино туындының режиссері — «Майдангерлер», «Өтелмес борыш», «Жастық шақ»», «Жаңғырық» фильмдерімен танымал Серік Таласов.

fb_img_1482759774581

Кино желісінде  қазіргі қоғамда орын алған отбасыдағы келеңсіз жағдайлар суреттеліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру сынды жалпы тәрбиелік ұғымдар  көрініс тапқан.

Бейне фильмнің кастингі биылғы жылдың 1 тамызында өткізіліп,  200-ден аса актерлік қабілеті бар жастар рөл сомдауға іріктеп алынды.

fb_img_1482759676658

  Фильмнің түсірілімі Шымкент қаласында өтті. Жаңа кинода белгілі актерлер Ержан Жарылқасын, Ақмарал Маханова, Ғалымжан Қалыбаев,  Олжас Бекбауов рөлдерді сомдайды.    

Тұсаукесер рәсімі барысында фильмнің жарыққа шығуына үлес қосқан шығармашылық топ облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың арнайы алғыс хатымен марапатталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі