ЖАПОНДАРДЫҢ ЖЕТІ ҚАҒИДАСЫ

1.Убайтори (Oubaitori)
Өзіңді басқалармен салыстырма. Әркім өз жолымен жүреді және уақыты келгенде өседі.
2.Кайзен (Kaizen)
Үзіліссіз өсіп ілгеріле. Кішкентай қадамдар арқылы үлкен өзгерістерге қол жеткізесің.
3.Ваби-Саби (Wabi-Sabi)
Кемшіліктеріңді мойындап қабылда. Ештеңе мәңгілік емес және толық болу да міндетті емес, өзіңнің және басқаның кемшіліктерін қабылдауды, сол кемшіліктердегі кемелдікті көре білуді үйрен.
4.Гаман (Gaman)
Қандай қиын жағдайға ұрынсаң да, ұстанымың мен сеніміңді сатпа. Әрнәрсеге көңіл-күй әсерімен берілме, кез-келген жағдайда табандылық пен еңбекқорлық таныт.
5.Икигай (Ikigai)
Өмір сүрудің мәні мен себебін біліп ал. Таңертең тұруға не түрткі болатынын және не нәрсеге ұмтылатыныңды әрқашан анықтап көре біл.
6.Шиката га най (Shikata ga nai)
Қабылдап және жіберіп үйрен. Бәрін бақылауда ұстағың келіп тыраштанба. Өзгерте алмайтын нәрселерге әуреленбе.
7.Шу Ха Ри (Shu Ha Ri)
Шәкірт дайын болғанда, ұстаз да дайын болады, ал шәкірт дайындалып болғанда ұстаз жоғалады.