ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ БОЛУЫ ҮШІН 10 КЕҢЕС
• Көңіл-күйіңіз үнемі көтеріңкі жүрсін десеңіз, өзіңізді бакылап үйреніңіз. Болар-болмас нәрсеге өкпелемеңіз, жақын адамдарыңызбен ерегіспеуге тырысыңыз, оларды кешіре бiлiңiз. Кешірімді болсаныз сіз күйретудің алғашқы себепкері — кекшiлдiктен құтыласыз.
• Әлемге жеңіл әзілмен қарап керiнiз. Егер сiздi бiреу ренжітсе немесе сіз басқа да бір ауыр жағдайға душар болсаңыз бәрібір сіз оны күлкімен жеңуге тырысыңыз. Басынызда «бәрі де өтедi, кетедi» деген ой тұруы керек. Жақсылыққа сенген сайын жаман ойлар мен жамандық та жоғалады.
• Үйде отырып алып бүкіл әлемге өкпелемеңіз. Көшеде, достар мен таныстар арасында көңіл-күй төмен болмайтынына кудiктенбеңіз. Бұл дәлелденген!
• Өз өміріңізге жаңалықтар енгізуге тырысыңыз. Психологтар күн өткен сайын киім кию стилін, өзіңіздің сүйіп істейтін тірлігіңізді — хоббиіңізді, үйдегі жиһаздарыңызды өзгертіп отырсаңыз, көңіл-күйіңіз де өзгеріп, жаңалыққа қарай бұрыла бастайды дейді. Өмірдегі әрбір жаңалық пен өзгеріс адамды өмір сүруге құлшындыра түседі.
• Суда жүзумен айналысыңыз. Су дененiң тынығуына, босаңсуына әсер етеді. Көңіл-күй мен күш-қуатты арттырады.
• Тоқтап, жан-жағыңызға қараңыз… Батыстың адамдары кейде ойлануға да уақыттары болмай, қай бағытқа кетіп бара жатқандарын аңғармай да қалады екен. Сіз үй-ішiн уақтылы жинап, тазалап тұруға дағдыланғаныңыз сияқты ойыңызды, мақсатыңызды, байланысыңызды да үнемi реттеп отырғаныңыз абзал.
• Өмірге карапайым көзқараспен қарауға тырысыңыз. Өмірде ерлікке де орын бар, дегенмен бәрi ойлағаныңыздай бола бермейді. Сондыктан дәл осы минутта өзіңіз не істеп отырғаныңызды есiңiзге алыныз. Мұның өзі сізді табысқа бастайды. Кішкентай табысыныз бен жетiстiгiнiз болса — оған да куана бiлiнiз.
• Болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Өмір деген қозғалыс, бүгін қайғылы жағдай болып жатса, ертең куанышпен қауышып жататыныныз сөзсіз.
• Егер көңіл-күйіңіз болмай біраз уакыт төсекте жата тұруды ұйғарсаңыз-сары уайымға батқаныңыз. Онан да қимыл-қозғалысқа бет бұрыңыз, үй-ішін жинастырыңыз, фильм көріңіз. Мұның өзі көңіл-күйіңізді өзгертіп, күйзелістен құтылуыңызға ықпал етеді.