Жақсы ой мен Жаман ойлар
⠀Өмірдің заңдылығы сондай ғой, жаман-зиянды нәрселерді істеу, үйрену өте оңай, жеңіл болып келеді (зиянды тамақ іше салу, темекі тартып🚬, арақ ішіп, наркотик қолданып үйрену, өтірік айту, пара алу💵, құмар ойындар ойнау, артық салмақ жинап семіру, тағысын тағы толып жатыр).. Жаман ой да сол сияқты өзі-ақ келіп, басыңнан шықпай қояды. Көлеңке сияқты кейде қыр соңыңнан қалмай қояды.
⠀
Ал жақсы нәрселерді істеу, үйрену әлдеқайда қиын, ауырлау болып келеді ( Дұрыс пайдалы тамақ ішу, спортпен айналысу🏊, уақытты жоспарлап🗓, тек пайдалы істермен өткізу, адамдарға, қоғамға жақсылық жасау, тағысын тағы).Осы нәрселердің бәрі ОЙДАН бастау алады екен..
⠀
Енді Жаман ойлардан құтылып, үнемі Жақсы ойларды ойлауды қалай әдетке айналдырса болады??
⠀
Алдымен жаман ойлардан құтылу тәсілдері.
⠀
1.Жаман ойлардан қашпау керек. Ол бумеранг сияқты, қаншама қатты лақтырсаң, сондай күшпен қайтып келеді. Қорқақ адам қорқып жүрген нәрселерін ойламайын деген сайын, ол одан да зорайып келе береді, тәттіні жақсы көріп, бірақ диетада жүрген адамның ойына торт келе береді, бір адам жайлы ойламайын деп ол ойды қуатын болсаң ол міндетті түрде түсіңе кіреді, тағы солай жалғастыра берсеңіз болады.
⠀
АДАМНЫҢ МИЫ БЕЙСАНА ТҮРДЕ НЕ НӘРСЕГЕ ТИЫМ САЛЫНСА СОНЫ ОЙЛАЙ БЕРЕДІ! Жаман ой қайта айналып келе берген соң адам баласы оған сенуге мәжбүр болады. Ал сонда не істемек керек?
1. Қарсыласпай, қумай беріле салу керек! Олармен тіреспей, беріле салсаң ол сенің санаңа қайта-қайта келе бермейді. Олар сап етіп келгенде, олардан қашпай, жай ғана қабылдап, бірақ оның айтқанына сенбей үйрену керек. Саналы (Адами) миыңмен: «Ие, жаман ой, сен тағы да келдің бе, тыңдап тұрмын» деп оны тыңдап алу керек. «Неге солай істеп қойдым екен? Егер ол түсінбей қалса не істеймін? Ол маған ренжіп жүр ме екен? » «Осы ісімнің арты қалай болар екен ?» тағысын тағы қандай ойлар келеді? Сондай ойлар келген соң бірінші бұл «баяғы жауыр болған әуен бе?» соны ойлаңыз, баяғыдан кетпей жүрген, бірақ еш жаман әсері болмаған ойлар да болуы мүмкін..
⠀
Жалғасын оқығыңыз келсе, + қойып кетіңіздер. Пайдалы кеңестер мол болады.
#Бизнесбастау#АхметбекНұрсила#Ақайдан_кеңес