Жақсы жаңалық, достар!
Осыдан жеті ай бұрын Қарағанды облысының әкімдігі мен инвестициялық консорциум арасында автобустар мен арнайы техника шығаратын зауыт құру туралы келісімге (2020 жылдың 5 мамырында) қол қойылған болатын.
Бүгін, міне алғашқы өнімі, алғашқы автобус конвейерден шықты.
Қуаттылығы – жылына 1 200 автобус, 500 бірлік арнайы техника. Кәсіпорын әлемдегі ең ірі Yutong автобус өндірушісімен серіктестікте құрылды. Жоба Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы «Сарыарқа» ӘКК болып табылады.
Жобаның құны шамамен 23 млрд. теңгені құрайды. Толық қуатқа шыққан кезде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады.
Құтты болсын!
Өндіріс өрісі кеңейе берсін!
Жаныңды жадыратар жақсы жаңалықтарымыз көп болғай!