ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА КЕШІКПЕЙІК!
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
«Жанашырлыққа жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі де осы қамқорлық жасау.
Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады.
Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек.
Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?!
Осыған орай күні кеше облыс әкімінің бастамасын Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қоштап, қайырымдылық акциясы аясында 50 отбасына азық-түлік пакеттерін таратты.
Осындай акция ауданымызда жалғасын табуда.
Сондықтан Сіз де жақсылық жасаудан кешікпеңіз!
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі