ЖАРАТУШЫНЫҢ ТІЛІ

Ежелден бері адамдар өздері оқитын дұға-тілек сөздерін адамдардың қалауын білдіретін кілт сөздер деп білді, және бұл дұғалар бізді белгісіз өлшемдегі күштермен, Жаратушымен және әлеммен байланыстырады деп сеніп келді. Сондай-ақ, ежелгі тарихи жазбалар мен ақыл-ой ілімдерінде адамдар оқыған дұға-тілек сөздерінің қуаты мен қайталаулары ерік-жігерді нығайту құралы, ал адам жүрегіндегі ізгі мақсат дұға-тілектің басты күші болып табылады деп насихаттайды. «Ауыздан шығатын сөздер-бал бере алмайтын арасы жоқ ұя сияқты», алайда дұға-тілек адамдардың ойлауындағы ең маңызды күш, көрінбейтін әлемнің жасырын күштеріне апаратын жол деп есептеледі.
Дұға -тілек (мантра) айту кезіндегі адамның сезім мүшелерінің маңыздылығы туралы мәселеде барлық діндердің көзқарасы бірдей. Мәселен, діни жазбаларды оқу, әдемі әуезбен оқу, дыбыс және дене мен қолдың қимылдары руханиятқа шөлдеген ағзаларға ерекше сезімдерді тудырады. Құран сүрелері, аят, дұғаларды оқығанда адамның ақыл-ойы жағымсыз нәрселерден арылып, үлкен сезім және сеніммен оқып, дұға жасауға тырысу керек дейді.
Адам өзінің Денесі және Ақыл-ойы, Сезімінің басқаруында болады, сондықтан алдымен дәрет алып, тазаланып, ішкі әлемі мен сыртқы күйін түзету арқылы тынышталуы, сауығуы оның сыртқы әлемінде көрініс табады. Сол арқылы оның жасаған құшылығында ойлары мен эмоциялары бірігіп, сезім әлеміне еніп, сөзге емес, сезімге және ниетке қажет болған- Жаратушының тіліне айналады. Басқаша айтқанда, адамның ақыл-ойы өз сезімдерін қиялымен басқара отырып, тілеген тілегіне жетуге деген ұмтылысты ояту арқылы сол тілектерді орындайтын Жаратушының тілі болған сезімге айналады.
Сезім — ой мен эмоцияның нәтижесі, ал сезім күші өмірде көп нәрседен көрінеді. Шектен тыс сенімсіздік пен сақтық біздің өмірімізде қаламайтын нәрселердің орындалуына да әкелуі мүмкін.
Жаратушыға жалбарыну-бұл бір нәрседен сақтану сезімі, және сіз бұл сезімге берілу арқылы қорқынышыңызды жоғалтасыз. Жоғалтып алуы мүмкін нәрселер және одан аулақ болуға деген ұмтылыс пен ниетің ең жағымсыз, ең ұнамсыз нәрселерге шоғырлану арқылы жүзеге асырыла бастайды.
Сондықтан да ойлаған тілегіңізге, қорқыныштан арылу арқылы назар аударып, сезімнің күші арқылы сезініп, өмірге басқа қырынан қарауды үйренуіңіз, ақылды қадам болып табылады.