«Жарқын болашақ» халықаралық тіл және мәдениет фестивалінен фоторепортаж

 Елордадағы әсем де сәулетті нысандардың бірі «Қазақстан» орталық концерт залында «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалі өтті. Оған ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әлемнің жиырма бес мемлекетінен өнерпаз жас жеткіншектер қатысты. Гала концерттен бұрын көрермендер қонаққа келген жиырма бес елдің мәдениетімен таныстыратын көрменің куәсі болды.

IMG_8033-e1462027498829

IMG_8034 IMG_8039 IMG_8036IMG_8043

Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі KATEV халықаралық қоғамдық қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен биыл алғаш рет өтіп отыр. 

IMG_8057

IMG_8050IMG_8061 IMG_8096IMG_8079
IMG_8137IMG_8114IMG_8184IMG_8157IMG_8172@bilalmba(iflckz)292

 Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен ашылған фестивальдің басында Сенегалдан келген Пол есімді қара нәсілді қыз қазақтың баласымен дуэт болып, «Үшқоңыр» әнін орындағанда қол соқпаған жан қалмады. Тіпті, салтанатты концерттің жүргізушісі Нұрсұлтан Құрманның өзі тебіреніп: «Полдың қазақшаға тілін бұрап акцентсіз ән шырқауы 25 жылда 25 әріп үйрене алмаған кейбір қаракөздерімізге сабақ болсын!»-деді.  

Биыл өзге елдердегі қандастырымызды қолдау мақсатымен сегізінші рет өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары гала концерт кезінде марапатталды. Жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алған 42 оқушының үшеуі сахнадан табылып, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Қуаныш Айтақанов, ҚХА мүшесі, профессор Әділ Ахмет марапаттады. Өз кезегінде түркітанушы ғалым Әділ Ахметов: «Бір мәселені астын сызып айтуымыз керек. KATEV қоры ұйымдастыратын «Жарқын болашақ» фестивалінің деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Бүгінгі құлақтан кіріп, бойды алған әсем ән мен би жүректен-жүрекке жететін дүниелер. Егемендігіміздің 25 жылдығына арналған фестивальге 25 елден келген түлектер бүкіл жер жүзіне ең керегі – бірлік пен татулық, достық екенін, соғыссыз әлем керек екенін дәлелдеді. Бүгінгі фестивальде орындалған әндер мен билер Біріккен ұлттар ұйымының бас пәтерінде көрсетуге лайықты дүние», — деп атап өтті.

IMG_8100IMG_8046

Бір айта кетерлігі осы Халықаралық шара республикамыз үшін ең маңызды «ЭКСПО-2017» ұлттық жобасын әлемге танытуға жақсы мүмкіндік болды. Өйткені, қонақтарымыз келген күннен бастап Елордамыз Астананы тамашалап жүр. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтің, Сыртқы істер вице-министрі Ашықбаев Ержан Нигматуллаұлының қабылдауында болып, Қазмедиа орталығын, Ұлттық музейді, Астана телеарасының редакциясын, Бәйтеректі, Ханшатырын және тағы басқа жерлерді аралады.

9853RLE_5321 RLE_5331 RLE_5271 RLE_5286 RLE_5331 RLE_5359 RLE_5481  RLE_5723 RLE_5798 RLE_5907 RLE_5504 RLE_5976RLE_5381

1 мамыр күні «НҰРОРДА» мектеп-лицейінде 30 сәуіде өткен Халықаралық «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестиваліне 25 елден келіп өз өнерлерін көрсеткен жас өрендермен қоштасу кеші болды. Шара барысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап келген оқушыларға сертификаттар, ақылды қол сағаттар, қазақы нақышта жасалған қамшы, киіз үй, тоқыма бұйымдар және басқа да естелік сыйлықтар табысталды

.MBA_0056MBA_0052

Бар жоғы 1 апта бойы бірге болған түрлі ұлт өкілерді осы уақыт аралығында бір-бірлеріне бауыр басып қалғандығын айтпаса да марапаттау сәтінде сөйлеген сөздерінен, қимай қоштасуларынан және көз жастарынан байқалып тұрды. Соның нақты мысалы ретінде «Жарқын болашақ» фествалінде «Үш қоңыр» әнін орындаған Сенегалдық Фол Мбеггиді айтуға болады. Ол сөз алған сәтінде жасқа толған жанарын ұстап қалуға қанша тырсқанымен, көз жасына ерік беріп «Маған Астана қазақ халқы қатты ұнады. Мен осы елге келіп өнер көрсеткеніме және осындай достар тапқаныма қатты қуаныштымын. Сондай-ақ, осы шараны ұйымдастырып әлем балаларының басын қосқан аға-әпкелеріме шын ризашылығымды білдіремін. Достар мен сендерді сағынатын боламын…», деген сөздерін соңына дейін аяқтай алмады.

MBA_0122MBA_0132MBA_0135MBA_0127

MBA_0128 MBA_0133 MBA_0141 MBA_0143 MBA_0156MBA_0077

Ал, шетелдегі қазақ диаспорасынан келген қандас бауырларымыз ата-жұртына келгендегі қуаныштарын, шын ықыластарымен жеткізіп жатты. Бірнешеуі Қазақстанға, кейбіреуі Астанаға алғаш рет келгендерін де жасырмады. «Біз елге оралғанда ол жақтағы ағайындарға Қазақстан, Астана туралы айтатын боламыз. Біз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жерді мұндай екенін білгеніміз жоқ. Келесі жылы да осы олимпиадаға шақырып тұрыңыздар. Сіздерге көп рахмет». Шет елдегі қазақтардың қоштасу сәтінде айтқан сөздерінің басым бөлігі осы сарында болды.

MBA_0130MBA_9931

Бұл балалар осы арқылы әлемдегі түрлі қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарға тосқауыл, бірлік пен бейбітшілікке бастау болады. Мәселен, талай ғасыр бойы ақ адамдар тарапынан кемсітіліп келген Африкадан келген қара нәсілділер осы «Жарқын болашақ» арқылы өздерінің бүкіл адам балаларымен тең дәрежеде екенін тағы да жан дүниесімен сезінді. Өйткені, алғаш келген сәттегі жатырқау күйдегі оқушылар, қоштасу күнінде мүлдем еркін, бақытты, өзге ұлт балаларымен тең дәрежеде ұстағандай болды. Сондай-ақ, талай жылдардан бері соғыстан көз ашпай келе жатқан Ауғанстаннан келген жас өрен Қазақ еліне келіп Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында тәуесліздіктің, бейбіт өмірдің дәмін сезді. Осы сарындас Азиядан, Европадан және дүниенің өзге де бұрыштарынан келген оқушылар туралы да айтуға болады.

MBA_9918MBA_0088

Осылайша 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында бірге болған әлем балалары Төрткүл дүниені мәдени сабақтастыққа үндеу, Ұлттар мен ұлыстардың достығына айналған Халықаралық «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалімен  Қазақстан, Астанаға өз ризашылықтарын шын көңілмен айтып та,жүректеріне.., жазып қимай қоштасты.

Ақ жол,бейбітшілік қарлығаштары..!        

«ЕлАна»