Жарты миллион қытай Қазақстанда не істеп жүр?

Қытай­танушының Қытай туралы ойлары төмендегідей: «Қытай соңғы уақытта пассионарлық көңіл күйде жүрген мемлекет. Қытайдың басты тірегі – 5 мың жылдық мәдениеті. Қытай мәде­ниеті Қытайдың – негізгі қаруы. Олар шоғырланса, өз қалаларын бөлектеп салады. Мәдениетін сақтап, тек өз ті­л­дерінде сөйлейді. Сөйтіп алға жыл­жиды. Қазір Қытай Шыңжаңның дамуына көп қаражат бөліп отыр. Ханзулар қазіргі кезде Қытайдың орта­лығынан бері қарай көптеп қоныс аударуда. Олар Шыңжаңның билігіне емес, тікелей Бейжіңнің нұсқауына ғана бағынады. Қорғастың арғы жағында құрамында миллионнан астам адам бар еңбек және құрылыс бригадалары жұмыс істеуде. Олар бұйрық алған күні-ақ бір сәтте қолына қару ұстаған әскерге айна­лып шыға келеді. Оның 95 пайызы – қытай. Ұйғыр мен қазақ жоқ онда. Оларды жолатпайды. Біз бұған ойлана қарауымыз керек. Қытайдың география­лық аймағы үлкен болып көрінгенімен, көбісі адам тұратын жер емес. Қытай жыл сайын
30 миллион адамға көбейіп келеді. Олардың жылжитын бір-ақ бағыты бар. Ол – Қытайдың солтүстік-батыс бағыты. Яғни, біздің атамеке­ні­міз. Яғни, біз үшін Қазақстан мен Орта Азия үшін ерекше қауіпті. Қазақ­станға Қытайтану институты керек. Қытай мен түркілердің байланы­сы, бұлардың бәрі өте қызықты тақырып. Қытай – дүниежүзіндегі алып күштердің бірі. Біз – онымен күнделікті араласып отырған көрші елміз. Екі ел арасындағы өзара байла­ныстарды дұрыс жүргізу үшін, Қытайдың
5 мың жылдық бейне­сін тұтас қарастырып, зерттемей болмай­ды. Бұл біздің ең басты міндетіміз болуға тиіс. Біздің Қытай туралы қазіргі таным­дық түсінігіміз үзік-үзік, яғни фра­г­мен­тар­лық кейіпте. Қазір Қазақстанда Қытай жағының мәліметі бойынша жарты миллион қытай жүр. Олар не істеп жүр? Мақсаты қандай? Осы сұрақтарға жауап берер бірде-бір ғылыми-зерттеу инсти­туты жоқ. Оны неге ашпаймыз?»