Жас актер Исламға қалай келді? (Видео)
Өзіміз мұсылмандардың арасында өмір сүретіндіктен кейбір адамдардың ойламаған жерден намаз бастап, мінезінің жақсы жаққа өзгергеніне аса мән бере бермейміз. Десе де, иманға келіп, бес уақыт намазын түгендей бастаған бауырымыздың мұндай қадамға қалай қадам басқанын білгіміз келіп тұратыны ақиқат. Бұл әрине, күншілдік емес, қызығушылық.
Ал, төрт тарапында да иісі мұсылмандар өте сирек немесе мүлдем жоқ елдердің азаматтарының дінге келуі тіптен қызық. Әсіресе, атақты өнер, спорт жұлдыздарының исламға келуі сенсацияшыл журналистер үшін жаңалық болып тұр. Жас та болса ел-жұртқа ерте танылған ресейлік актер Сергей Романовичтің хақ дінді қабылдауы да бір ерекше. Сәждеден қашқан маңдайын тау мен тасқа ұра қоймаса да жүрегі байыз таппай, өмірден шынайы ләззат іздеген Серега ақыры Жаратқанның рақым нұрын сезінді. Өзінің отандасы, ойшыл Лев Толстойша айтқанда, оның санасы сан-сақта жүрсе де жаны мен тәнін исламға апарып бір-ақ тіреді.
ЕлАна