Жас кәсіпкерлермен кездесу
Бүгін Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нурила Малибекова қайтарымсыз гранттың тиімділігі, кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан көптеген іс-шаралар туралы жас кәсіпкерлермен және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар кездесу барысында кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары да айтылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауының бес бағдарының негізгі тұстарыда сөз болды.
Кездесу соңында Нурила Малибекова ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарды түртіп жазып алып, түскен сұрақтарды жауапты сала мамандарымен бірлесе отырып, шешімін табуға ықпал ететіндігін атап өтті.
Бақытжан Бекболат
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық
филиалының баспасөз хатшысы