«Жас келіндер» экологиялық байқауы
Өзіміз тұрып жатқан өлкенің тазалығын сақтап, қоршаған ортамызды қорғаудың маңызы зор. Сол себепті, сіздерді Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жас келіндер» экологиялық байқауы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты тұрғындарды Жамбыл өңірінің тазалығын сақтауға атсалысуға шақыру. Әрі тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігін, татулығын қамтамасыз етіп, ұрпақтар сабақтастығын арттыру боолып табылады. Ауланы абаттандыруға, әрі қоқыстардан тазалауға арналады. Байқауға ұйымдастырушылар Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ.
Өз ісіне жауапкершілігі жоғары қатысушылар нәп-нәзік болмысымен, әрі өзінің қажырлы еңбегімен ауласы ең таза екендігін дәлелдеді.
– Менің жұмысымның өз жауапкершілігі бар. Адамдардың жай мән бермейтіндігі болмаса, тазалық-мәдениет. Айнадай тазартып шыққаннан кейін айналаңа қарап, қуанасың. Кейде үй төңірегінен өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, сүйсініп жатады. Үй маңын абаттандыру, жасыл желеумен көмкеру өзіме ұнайды, – дейді Өсербай Гүлдана.
Өсербай Гүлдана аталмыш шарадағы жалғыз қатысушы емес. Жамбыл ауданының 9 келіні «Ең таза аула» конкурсына қатысты. Айта кетейік, аталмыш додаға байқау шартына сәйкес тек 35 жасқа дейінгі жас келіндер қатысты.
– Әлеуметтік мәні үлкен бастаманың аудан тазалығы үшін ғана емес, тұрғындардың санасына да әсері айтарлықтай. Ең басты мақсатымыз – өлкемізді тазалыққа шақырып жатқан жандарға, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді Әнипаева Алма.
Арнайы құрылған комиссия конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Байқау үздіктері тұратын аулалар әрине, қашан да таза. Аула қоршаулары әдемі боялған, жол жиектері сырланған, жасыл желектері мен гүлдері күтіп-бапталынған. Ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылған байқауды әзірге ұйымдастырушы тараптың қаржылық демеушілігімен жүргізіп отыр. Алдағы уақытта демекшілер де тартылмақ.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Әрі алдағы уақытта осы іспеттес қоғамдық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылады, дейді ұйымдастырушылар.