Жас мамандардың шеберлігі шыңдалды
Бүгінде қоғамға қажетті мамандық таңдау қиынның-қиыны. Бұны бүгінгі буын жастар жіті түсінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарға үлкен сенім арта отырып, өз саласының білікті маманы атануы үшін талмай еңбек етуге шақырды. Жамбыл облысы да жастарды жігірлендіруге барынша күш салуда. Сондай шараның бірі жуырда облыс орталығында ұйымдастырылды.
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру мақсатында «Жастар жылына» орай кәсіби жастардың «Профи — 2019» атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқауда «шаштаразшы» (ерлер және әйелдер шебері), «визажист», «маникюр ісінің шебері», «аспазшы», «кондитер», «дәнекерлеуші», «модель-пішуші», «қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету», «жиһаз жасау ісінің шебері» номинациялары бойынша кәсіби жастар өзара сайысқа түсіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Байқауға облыс аудандары мен Тараз қаласынан 200-ге жуық үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Шаштаразшы: әйелдер шебері» номинациясы бойынша І орынды Е.Асылбеков (Меркі ауданы), «Шаштаразшы: ерлер шебері» номинациясы бойынша І орынды Т.Қрымбетов (Меркі ауданы), «Визажист» номинациясы бойынша І орынды А.Усербай (Сарысу ауданы), «Аспазшы» номинациясы бойынша І орынды Т.Галиев (Тараз қаласы), «Дәнекерлеуші» номинациясы бойынша І орынды А.Орман (Байзақ ауданы), «Модель-пішуші» номинациясы бойынша І орынды З.Керимова (Қордай ауданы), «Жиһаз жасау ісінің шебері» номинациясы бойынша І орынды Е.Тұрсынбай (Тараз қаласы), «Кондитер» номинациясы бойынша І орынды О.Володина (Тараз қаласы), «Маникюр ісінің шебері» номинациясы бойынша І орынды Б.Байсымақ (Жуалы ауданы), «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету» номинациясы бойынша І орынды К.Ахророва (Тараз қаласы) иеленді.
Әрбір номинация бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Осылайша болашақ және жас мамандарды сұранысқа ие мамандықты таңдауға үндеген шара өз деңгейінде өтті.
Дедек Төлен