Жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады


Талас ауданында жас мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті.

Аталмыш мерекелік шарада ант қабылдаудың үлкен жауапкершілігін сезініп, мемлекеттік қызметтің алғаш табалдырығын аттаған жас мамандар Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсететуге серт берді.

Ант берген жас мамандар: -Мемлекеттік қызметке орналасқаныма қуаныштымын. Өзімнің адал еңбегім арқылы елімнің өсіп-өркендеуі үшін бар күш-жігерімді, білімімді жұмсап, аянбай қызмет етуді, сөйтіп тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосуды парызым санаймын – деді.

Салтанатты рәсімде Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек жас мемлекеттік қызметкерлерді құттықтап, олардың ел мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілігі туралы, Президенттің сарабдал саясатын іске асыру барысында мемлекеттік қызметкердің адал еңбегі сәттілік кілті болатындығын айтып, елге адал қызмет етуге, кәсіби қызметіне күш-жігерін аямай жұмсауға, білімі мен тәжірибесін ұштастыруға шақырды.