Жас мемлекеттің үлкен тәуекелі

Алдыңғы материалда жазғанымыздай Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні барлығымызға ядролық жарылыстардың қайғылы салдарын еске салады және осындай апаттардың алдын алуға шақырады. Күнтізбедегі бұл күннің ҚР Конституциясы күнінің жанында тұрғаны үлкен мәнге ие.

Жамбыл облыстық орыс драма театры директорының орынбасары Валерия Сонның айтуынша, екі күн де әлемді қорғаудың, болашақ ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады.

– Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы біздің мемлекетіміздегі оң өзгерістерге жасалған маңызды қадам, адамдардың денсаулығын, бейбітшілігі мен әл-ауқатын сақтау жолындағы маңызды кезең болды. Қазақстан ядролық арсеналдан бас тартқан алғашқы елдердің бірі болды. Бүгін біздің ұжым қазақ халқына қиын кезеңдерде көрсеткен дана шешімі мен рухының күші үшін шын жүректен ризашылығын және зор құрметін білдірді. Біз болашаққа өткеннің сабақтары бізге барлық отандастар үшін, планета тұрғындары үшін бейбіт және қауіпсіз болашақ құруға көмектеседі деген үмітпен және сеніммен қараймыз. Өткенді есте сақтайық, қазіргі уақытта дұрыс әрекет етейік және жақсы болашақты бірге құрайық, – дейді  Жамбыл облыстық орыс драма театры директорының орынбасары Валерия Сон.

Жоғарыда аталғандардан кейін Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртістері «Давайте поговорим о Родине!» шағын қойылымын қойды. Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан өлеңдер мен дәйексөздер, АЛЖИР лагерінің тұтқыны Гертруда Платайстың естеліктері бойынша Раиса Голубеваның «Курт – драгоценный камень» өлеңі оқылып, «В небе беркут – свободная птица», «Туған елім», «Цвети, моя земля!», «Да, это наш Казахстан!» және басқа да әндер шырқалды. Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін интернационалист – жауынгерлер одағы мен «Солдат особого риска и инвалидов» қоғамдық бірлестігінің қатысушыларын патриотизмі, өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге қосқан үлесі және Семей ядролық полигонының жабылуының 33 жылдығына арналған іс-шараға белсенді қатысқаны үшін марапаттау рәсімі өтті, марапатталғандар арасында-Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры Ақылдос Тілеубайұлы Тәжиев  және режиссер, театр актрисасы Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі Ольга Богдановна Избасарова бар. Құрмет грамоталарын Қуантаев Сейтхан Мұратұлы табыстады. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсенбекұы мен облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлын марапаттады. Облыстық ардагерлер кеңесіңнің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсенбекұлы Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай берілген Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен белсенді ардагер Жайханов Жакел Нұрланұлын марапаттады.

Ядролық арсеналдан бас тарту жас мемлекет үшін үлкен сынақ болды. Сонымен қатар, Қазақстан әлемдік қоғамдастық пен өз халқы алдында қауіпсіздік пен бейбітшілікке ядролық қару есебінен емес, диалог, сенім және дипломатиялық күш-жігер есебінен қол жеткізуге болатынын көрсете отырып, жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Семейдегі ядролық полигон жабылғаннан кейін 33 жыл өткен соң, Қазақстан ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпауды белсенді қолдауды жалғастыруда. Осы дана шешімнің арқасында еліміз басқа мемлекеттер үшін үлгі болды және бірлік пен тұрақтылық, әділдік пен ынтымақ болу үшін қауіпсіздік пен бейбітшілікті құру жөніндегі жаһандық күш-жігерге айтарлықтай үлес қосты.

(Соңы)

Шаргүл Қасымханқызы