Жас өмірі түрмеде өтіп жатқан Әлібиге араша!

Ақиқаттың кешігіп емес уақытында айтылғаны, ашылғаны керек. Әділдік дер кезінде орнамағандықтан, «опық жеп», «бармақ тістеп» қалатын кез- деріміз көп. Әсіресе біздің елде әділет үнемі кешігіп жүретіні жасырын емес. Ақиқат айтылады дегенше, қаншама адам өміріне, психикасына салмақ са- латынын ескермейміз. Құқық саласын- дағы жауапсыздық пен сауатсыздық салдары қаншама тағдырды талқандап, қаншама өмірдің тар қапаста өксікпен өтуіне себеп болып отырғанын да жа- сырмауымыз керек.
Көптен бері нақты айтсақ, былтыр наурыз айынан бастап өзіміз, яғни «Qazaqstan dauiri» газеті мен elana. kz сайты ұжымы араша сұрап, әділдік төреші болса екен деп тілекші болған Әліби Өтепберген ісі де ақиқаттың ақ таңы атар деген үміттен әлі күдер үзген жоқ. https://www.elana.kz/82-51-7-2/
Бұл мәселені шешу біздің құзыры- мыздағы шаруа емес екенін түсінеміз. Бірақ «Аққа Құдай жақ» деген сөз бар емес пе? Бауыр еті баласының жарқын болашағынан үмітті әкенің жанайқайын жоғарыға жеткізу парызымыз. Жалған жаланың құрбаны болып, жас өмірі тар қапаста өксікпен өткен Әліби ісін- де ешқандай қылмыс дәлелденбеді. Себебі ешқандай қылмыс құрамы жоқ. Бұл факт. https://m.facebook.com/story. php?story_fbid=318396086525067& id=100050640353490
Бұл сот сараптамасы дәлелдеген факт! Иә, бізді қайталап жазудан жа- лықтырмайтын нақты дәлелденген факт. Арыз балалардың ойдан құра- стыруымен жазылып, қылмыстық іс қозғалған, алайда балалар өтірік ай- тқандарын мойындап, жалған сөздерін қайтарып алғаннан кейін ешқандай қылмыс құрамы анықталмаған. Қыл- мыс болмаса, Әліби жалған жаламен жазықсыз сотталып, неге түрмеде отыр? Неге құзырлы орган тергеу ісін- де ағаттық кеткенін айтпайды? Неге әділдіктің салтанат құруына мүдделі болмай отыр? https://m.facebook.com/ story.php?story_fbid=316761323299549& id=100048970521710
Біздің қолымызға қайта-қайта қа- лам алдырып, жанымызға тыныштық бермейтін жалғыз сұрақ осы. Мұндай әділетсіздікке, безбүйрек, қаныпезер- лікке жол беріп отырған кім? Әлібиді неге бостандыққа жібермейді?
Абзал Құспан: «…Жоғарғы Сотқа хат жазғанда «Егер адвокат сауатсыз болатын болса немесе адвокат (злана- меренно) істі өз мақсатына пайдалана- тын болса, жазықсыз адамдарды сот- тап жібере беру керек пе?» деп анық көрсетіп жаздым, айттым. Іс бойынша неше түрлі сот сараптамалары өткен. Тергеуші соттардың тағайындау туралы қаулысымен таныспаған, тіпті қорытын- дысымен де таныспаған. Заң бойынша тергеуші сот сараптамасы тағайын- даған қаулымен, қорытындымен та- ныстыруға міндетті. Басынан бастап уақытында сот сараптамаларына назар аударған болса, алғашқы кезде-ақ көп нәрсе өзінен өзі шешіліп қалған болар еді. Іс басталғанда өтірік көп айтыл- ды. Кейін ақырындап жұмсарып келе жатыр. Негізгі адамның «қарнын ашы- ратын» тұсы – адвокаттар тарапынан процессуалдық әрекетсіздікке (процес- суалное упущение) жол берілуі. Сол жі- берілген олқылықтардың зардабын біз әлі тартып келеміз», – дейді.
Яғни ҚР Жоғарғы Соты да, ҚР Бас прокуратурасы да қылмысқа дәлел болар ешқандай фактінің жоқтығынан, сот сараптамасына сәйкес Әліби ісінде ешқандай қылмыс құрамы дәлелденбе- генін, яғни ұйымдастырған бала туралы нақты дерек бар екенін, қылмыс бала- лардың сөздерінен құралғанын, бала- лар өз сөздерінен бас тартқаннан кейін, қылмыс құрамы жоқ екенін біліп отыр. Ендеше сауатсыздық пен жауапсыз- дық салдары ескеріліп, Әліби ақталуы керек қой. Тағы бір ескерілуі керек мәселе, Абзал Құспанның айтуынша, балалар арызды қазақша жазған, ал сот сараптамасын жасағандар қазақ- ша мүлде білмейді. Егер арыз қазақша жазылса, сот қазақша болса, сот сарап- тамасы мен сотқа неге орыс тілді са-
рапшылар араласқан? Тергеуші тергеу барысында заң бойынша сот сарапта- масы тағайындаған қаулымен, қоры- тындымен таныстыруға тиіс міндетінен неге жалтарады? Неге? Демек құзы- рлы орган әділдіктің салтанат құруы- на мүдделі емес. https://m.facebook. com/groups/2311275672530253/ permalink/2903889973268817/
ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа, ҚР Бас Прокуратурасына, ҚР Жоғарғы Сотына қайта-қайта Үндеу де, өтініш-арыз да жазылды. Бірақ селт еткен ешкімді көр- медік. «Халық үнін еститін» Үкіметтен жауап жоқ. «Қарға қарғаның көзін шұқы- майды» деген. Әліби ісінде жеңұшынан жалғасқан сыбайластықтың «иісі» бар. Жазықсыз жанға жала жапқан істерінің былығын бүркемелеу үшін, ақиқатты ай- тпайды. Бұл шындықтың беті ашылса, кезінде Әліби ісін тергеген соттың, сол кезде жұмыс істеген құқықтық сала қы- зметкерлерінің жауап беруіне тура ке- леді. Өз құзырындағы істің ақ-қарасын ажыратуда сауатсыздық пен жауапсыз- дыққа жол бергендердің аймандай беті ашылады. https://www.facebook.com/ aldiyar.tabishov
«Сот жүйесіндегі әділетсіздікті жоймай, әділетті қоғам орнату мүмкін емес! Реформа керек!.. Біздің соттар- дың көзіңді бақырайтып қойып әділет- сіз шешімдерді шығара салатынын талай көріп жүрміз… Менің ұсыны- сым: Бірінші сатыдағы соттың шешімі екінші сатыдағы аппеляциялық сот- та күші жойылатын болса, онда, сол бірінші сатыдағы судьяға шара көрілуі керек. Жылына екі рет сол судьяның шешімі жоғарыдан бұзылатын болса, ол судьяны жұмыстан босату керек. Олай біліктілігі жетпейтін судьяның адам тағдырына қатысты мемлекет атынан үкім шығаруға хақысы жоқ», – дейді Рүстем Есімханұлы. https:// www.facebook.com/100021167602371/ posts/920481532000758/ Бұл да шын- дық.
Бүгінде Әліби ісінің басы-қасын- да заңгер Абзал Құспандай азамат- тың жүргені көңілге демеу. Кеше ғана қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, түр- мелерде азап пен қорлықтың адам нанғысыз зардабын тартқан азамат- тарға араша болса екен деп, Абзалды халық қалады. Абзал өзі де халыққа үндеу жолдап, Үкімет дереу естіп, Аб- зал бастаған «Аманат» атты қоғам- дық комиссия құрды. Халықтың алғы- сын алғанын ақпарат беттерінен көріп отырмыз. Әлі де ісіне сәттілік тілейміз. Әркез жылағанның көз жасын сүртіп, жабырқағанға жан жылуын сыйлап, сүрінгенге бағыт-бағдар беріп, адамгер- шілігімен, жауапкершілігімен, құқықтық сауатымен халықтың қамқоршысы- на айналған Абзалға артар сеніміміз, үмітіміз зор. Үнемі жақсылықтың жар- шысы бола білген Абзалды Әлібидің тағдыры да бей-жай қалдырмайды. Әділдікке, әділетке ұмтылған жүрегінің бір қалтарысында Әлібидің бүгінгі халі- не алаңдаушылық бар екенін сеземіз. Түбі ақиқаттың айтыларына сенеміз. Әділет үшін күресетін Абзалдың білімі мен білігіне үміт артамыз.
Түйін: Өкініштісі Әлібидің құқығын қорғау бойынша жарғақ құлағы жа- стыққа тимей, дамылсыз шырылдап келе жатқан жанашыр топтың сот са- раптамасы дәлелдеген ешқандай қыл- мыс құрамы жоқ жалған жаланы заңмен қорғай алмауы. Өкініштісі сауатсыздық пен жауапсыздықтың кесірінен өз елін- де әділдік таппай, қараңғы қапаста өмірі өксіген жасқа араша сұраған ха- лық үніне құзырлы органдарының селт етпеген меңіреулігі. Дегенмен үкілеген үміт бар. «Халықтан биік ешкім жоқ», «Халық қаласа, хан түйесін сояр» де- ген қазақтың ұрпағымыз. Халық қалауы – Әлібидің бостандығы. Әлібидің ақта- луы! Әліби ерте ме, кеш пе ақталары ақиқат. Дегенмен ақиқат дер кезінде айтылса деген тілек бар. «Нар жолында жүк қалмас» деген. Абзал Құспан қолға алған істе әділдік орнауы тиіс!

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ