Жас самбошылар облыстық чемпионаттан жүлдемен оралды
Үстіміздегі жылдың 22-24 қаңтары аралығында Тараз қаласында самбо күресінен 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионты өтті.
Облыстық чемпионатқа Жаңатас қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің де жас самбошылары қатысып, бақ сынады.
2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында 1 орынды 41 кг салмақта Минура Фролова, , 44 кг салмақта Нұргүл Нысанбек, 50 кг салмақта Аружан Тұрғанбек, 72 кг салмақта Екатерина Щветцова жеңіп алды.
Ал, жүлделі 2 орынды 88 кг салмақта Бекжан Ержан жеңіп алса, 3 орынды 44 кг салмақта Нұргүл Нысанбек, 58 кг салмақта Бекарыс Жүзімхан иеленді.
Сондай-ақ, 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында 1 орынды 80 кг салмақта Дана Бейсембай жеңіп алды.
Жүлделі 2 орынды 72 кг салмақта Сымбат Ақаш, 3 орынды 47 кг салмақта Мерей Талап иеленді.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!