«Жас сарбаз» қозғалысының елордалық филиалы «Анашым, маска тақтыңыз ба?» челленджін қолдады

Қазақстанда аға буын өкілдерін COVID-19 жұқпасынан қорғауға арналған челлендж танымал болып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

 

Еске сала кетейік, 22 шілдеде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Динара Сәдуақасованың бастамасымен республикада #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджі басталды. Бүгін оған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалы қосылды. «COVID-19 індеті ешкімді аяп жатқан жоқ. Осындай қиын-қыстау кезде бір-бірімізге демеу болуымыз қажет. Сіз бен біз үшін қымбат жандардың денсаулығы өте маңызды. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі.

 

 

Барша адамзаттың тәрбиешісі. Осыған орай барша қазақстандықтарды республикалық «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Анашым, маска тақтыңыз ба?» атты челенджге қатысуға шақырамыз», – дейді «Жас сарбаз» ЖӘПҚРҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек. Челленджге қатысушылар анасымен бірге маскамен суретке немесе видеоға түсіп, оны #АнашымМаскаТақтыңызБа хэштегімен әлеуметтік желілерде жариялап, @jasulan_qz парақшасын белгілеуі керек. Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиологиялық және гигиена нормаларын қатаң сақтауды сұрайды: коронавирус инфекциясының алдын алу үшін маска тағып, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтық сақтау керек.