ЖАС ТАЛАНТТАР МЕН КӨШБАСШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА «ЕЛ ҮМІТІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының директоры Несібелі Қуатова айтып берді.
ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» атты жаңа бастамасын бастады. Басты мақсат — талантты жас қазақстандықтарды, ең алдымен, жарқын болашақта еліміздегі тіршілік ортасының түрлі саласы — жаңа индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім беру және мемлекеттік басқарудың кәсіпқой элитасына кіруге тиіс оқушылар мен жастарды табу және оларға қолдау көрсету. Осы орайда, әлемнің бәсекеге қабілетті ең үздік 30 елінің қатарына кіру үміті жастармен байланысты. Осылайша, олардың ел ішінде және шетелде білім алуына жағдай жасалуда.
«Ел үміті» бастамасы аясында Тұңғыш Президент Қоры Үкіметпен, облыс әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктерімен, білім беру жеке ұйымдарымен, бизнес-қауымдастығымен және қызығушылық білдірген тараптармен бірлесіп жұмыс істеуде. Осы міндеттердің іске асырылуын үйлестіру үшін Қордың жанында «Елбасы академиясы» құрылды. Ол «Ел үміті» бастамасын іске асыруды басқару жөніндегі оператор ретінде әрекет етеді және әдістемелер, тағылымдамалар бағдарламалары мен гранттар әзірленеді. Осылайша, әр өңірде жыл сайын ауылдар мен шағын қалалардан кемінде 3 мың дарынды баланы анықтап, кейінгі білім беруде қолдау көрсететін таланттарды анықтау және қолдау орталықтарын (17 орталық) құруға мүмкіндік береді.
«Осы бағытты барлық облыстан дарынды балаларды анықтау, қолдау үшін орталықтар ашылды. Біздің орталық 2007 жылдан жұмыс жасап келеді. Орталықта Ел үміті жұмыстары бойынша арнайы штаттық бірліктер қосылып, осы бағытта өз жұмыстарын бастап кетті. «Ел үміті» бастамасын іске асыру үшін жергілікті бюджет есебінен арнайы қаражат қарастырылған», – деді Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы директоры Несібелі Қуатова
«Ел үміті» бастамасының мақсаты атап өткендей жас дарындыларды қолдау болып табылады. Осы мақсатта «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші кезеңіне 5-6 сынып оқитын ауыл мектептерінің 14 мыңға жуық оқушылары қатысты. Олар барлық пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы негізінде іріктелді. Бірінші кезең бойынша 300 оқушы жеңімпаз атанған. Олар олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды. Екінші кезең маусым айының 25-26 күндері өтеді деп жоспарлануда. Олимпиада 25
маусым күні 5 сынып оқушыларына, 26 маусым күні 6 сынып оқушыларына өтеді.
Екінші кезеңге қатысатын оқушылардың ата аналарымен байланыс орнатылған. Олимпиаданың өту тәртібі арнайы хабарламалар аркылы жеткізіледі.
БИЫЛДАН БАСТАП ЖАСТАР «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Ел үміті» бастамасы аясында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жүзеге асыратын «Елбасы медалі» жобасы туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.
Аталған бағдарламаның негізгі символы — жетістіктің 7 жебесіне баланған. Ол — жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған 7 бағыт. Бұл — спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Мәселен спорт болса, оның түрін қатысушы өзі таңдайды.
«Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Ол үш деңгейде болады: қола, күміс және алтын. Қола 14 жастан бастап, күміс 15 жастан бастап, алтын 16 жастан бастап қатысушыларға белгіленетін болады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақ ұзақтығы мен жиілігіне қойылатын талаптар ұсынылған. Әр деңгейде қатысушылардың сабақтарының ұзақтығы мен жиілігіне талаптар қойылады. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет», — деді «Елбасы Медалі» жобасы бойынша Маңғыстау облысының үйлестірушісі Дидар Бөлтірік.
«Елбасы Медалі» жобасына жас ерекшелігі бойынша кез-келген адам, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез-келген жағдайда қатыса алады және өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен араласады. Сонымен бірге, қатысушы күн сайын өзінің физикалық жағдайын жақсартып, дағдысын дамыта отырып, айналасындағыларға көмегін тигізе алады. Қазіргі жағдайда адамның жетістігі тек қана кәсіби деңгейде ғана емес. Жұмсақ дағдылардың soft skills (эмоционалды интеллект, көшбасшылық, жауапкершілік, өзін-өзі басқару, бейімделу жылдамдығы, әдептілік және т.б.) болуы маманға деген сұранысты, оның бәсекеге
қабілеттілігін арттырады. «Елбасы Медалі» бағдарламасы — қатысушылардың осындай қасиеттерін арттыруға бағытталған.
Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді үйренеді; салауатты өмір салтын ұстанатын болады және өзін-өзі үнемі дамытады. Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдермен марапатталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша, егер жинаған баллы өзгелермен тең болған жағдайда, «Елбасы медалінің» иегерлері білім грантын алуға, сонымен қатар жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқандардың құрамына енуге құқылы. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында тіркелу қажет
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ