«Жасай бер,қазақ тілім!»
Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Жасай бер,қазақ тілім!» дөңгелек үстел өтті. Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылы, Мыңарал ауылдық клубында Мәдениет үйінің меңгерушісі Б.Абуталипованың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай Мыңарал ауылдық мәдениет үйінде «Жасай бер,қазақ тілім,ана тілім!» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мәдениет үйінің ұжымы,кітапхана меңгерушісі,мектеп оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел мақсаты-мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру,отансүйгіштік сезімді арттыру. Мәдениет үйінің меңгерушісі Б.Абуталипова кіріспе сөз сөйлеп ашып,і с-шараның мақсатына тоқталды. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Сонымен қатар шара соңында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, «Жасай бер , қазақ тілім, ана тілім!» деген ой мен дөңгелек үстелді қорытындылады.